Қазақстанда заң қабылданып қойған соң ғана қазақ тіліне аударылады – Абзал Құспан
Белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты болып сайланған Абзал Құспан қазақша аударылатын заң мәтіндерінде кететін қателіктер жайында айтты.
Қазақстанда заң алдымен ағылшыннан орысшаға аударылады. Сосын ол заң қабылданады. Қабылданғаннан соң қазақшаға аударылады. Аударма процесінде көп қателік кетеді. Қылмыстық кодекстің өзін алып қарайықшы, орысша нұсқасы мен қазақша нұсқасы бір-біріне сәйкес келмейді. Бірақ судьялар іс жүзінде орысша нұсқасын басшылыққа алады. Мен бұл мәселені тек көтермеймін, түбегейлі жоюды қолға аламын, — деді депутат.
Абзал Құспан – бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың бірі. Ол депутаттыққа Батыс Қазақстан облысынан түсті.