Қазақстанда ыстық ауа-райының төмендеуі күтілуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 26-28 мамырда ыстық ауа-райының төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Архангельск облыстарынан келген антициклон республиканың солтүстік облыстарында жылудың әлсіреуіне себеп болады деп хабарлайды.

Ал оңтүстігінде Иранның аудандарынан келетін ауа массасының арқасында ыстық және құрғақ ауа-райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан мен бірқатар облыстарда қатты ыстықтың салдарынан 25 мамырда дауылды ескерту жарияланды.

stan.kz