Қазақстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1977-ге жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуірдің 20:05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 10 науқас тіркелген. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 2, Алматы қ. – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 2.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 392 адам, Алматы қаласында – 672 адам, Қарағанды облысында — 101 адам, Ақмола облысында — 82 адам, Атырау облысында — 80 адам, Жамбыл облысында — 65 адам, Шымкент қаласында — 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 11 адам, Алматы облысында — 53 адам, Ақтөбе облысында — 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 30 адам, Павлодар облысында — 33 адам, Маңғыстау облысында — 14 адам, Қызылорда облысында — 151 адам, Батыс Қазақстан облысында — 70 адам, Түркістан облысында — 66 адам, Қостанай облысында — 27 адам, жалпы 1977 науқас тіркелді.

stan.kz