Қазақстанда вирус жұқтырғандарды емдеуге «Гидроксихлорохин» қолданылмайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зерттеу кезінде «Гидроксихлорохин» препараты жоғары өлім-жітімді көрсеткені белгілі болды. Қазақстандық мамандар бұл дәріні қолдануды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін «Гидроксихлорин» препаратын қолдану тоқтатылды.

«Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне сәйкес халықаралық зерттеулер кезінде едәуір дәлелді мәліметтер алынғанға дейін гидроксихлорин және хлорохин препараттарын тағайындау тоқтатылды», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға клиникалық хаттаманы әзірлеушілер тобының басшысы Бақыт Көшерова.  

 21 мамырдағы баспасөз конференциясында «СК-Фармация» басшысы Берік Шәріп ақпанда 18 мың таблетка көлемінде үндістандық «Гидроксихлорохин» препараты сатып алынғанын айтты.

«Бұл безгекке қарсы препарат, оның аутоиммунды ауруларды емдеуде иммунды басу, қабынуға қарсы әсері бар», — деп түсіндірді Берік Шәріп.

Препарат көптеген елде коронавирусты емдеу хаттамаларына енгізілген.

Дегенмен 22 мамырда»Ланцет» журналында жарияланған зерттеуде «Гидроксихлорохин» жоғары өлім-жітімді көрсеткені айтылды.

Осыдан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препаратты қолдануды тоқтатты.



sputniknews.kz