Қазақстанда вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған

0

Қазақстанда Covid-қа қарсы вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған.

Бұл туралы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасында вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 44 адам коронавирус жұқтырған. Біз коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаймыз. Талдау барысында вакцина салдырса да вирус жұқтырғандар анықталды», — дейді Манар Смағұл.