Қазақстанда үш автожол ақылы болады

0
96
Ақылы автожол
Фото: Вearrockadventures.com

Ақылы учаскелерге енгізілген төлем алу жүйесінің жұмыс істеуі республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға, жол апатын төмендетуге, логистикалық дәліздерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Көлік инфрақұрылымын дамыту ЖІӨ көбейтуге ықпал етеді, автожолдарды жөндеу, жаңарту және күтіп-ұстауға қаражат салуды қамтамасыз етеді.

Ақылы автожол учаскелерін қамтитын аудандардың тұрғындарына алдын ала ақпарат беріліп, түсіндірілген. Кездесулер өткізіліп, тұрғындардың да төлем мөлшері туралы ұсыныстары тыңдалды. Автожол пайдаланушылардың жобаны талқылаудағы өтінімдері мен тілектерін тапсыруға уақыт жеткілікті болды, – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Автожолдардың жеңіл көліктер үшін төлем мөлшері:

Астана-Теміртау алдын ала төлеу – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге.

Алматы-Қапшағай алдын ала төлеу – 100 теңге, қолма-қол – 200 теңге.

Алматы-Қорғас алдын ала төлеу – 300 теңге, қолма-қол – 600 теңге.

Ақыны учаскеден шыққан кезде арнайы бекеттерге төлеуге болады немесе төмендегі тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік бар:

  1. PayWay.kz сервисі;

2. KazDriver мобильді қосымшасы;

3. Kaspi.kz интернет бөлімі;

4. Сбербанк интернет-банкингі;

5. АТФ Банкинтернет-банкингі;

6. HalykBankинтернет-банкингі;

7. Еуразиялық банк интернет-банкингі;

8. Capital Bank интернет-банкингі;

9. Мобильдік операторлардың балансымен (Kcell, Activ, Beeline, SMS, USSD, mobile App, Web-қосымшасы)

10. Дербес шотқа (шарт жасау жолымен заңды тұлғаға алдын ала төлемақы аудару);

11. QIWI терминалы, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay,Salempay;

12. Жанармай құю картасы E100;

Жеңіл көліктер үшін төлемді алдын ала өтесеңіз, ақы бекеттердегі бағадан екі есе төмен болады. “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ жүргізушілерге төлем алу бекеттерінде кезекте тұрмау үшін қолма-қол ақшасыз төлеу әдісін ұсынады.

Ақылы автожол төлемінен кімдер босатылады?

“Автомобиль жолдары туралы” Заңның 5-2 бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметтерінің; әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;

2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, Астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар және жүкті тұрақты тасымалдайтын автобустар;

3) ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

4) таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен теміржолдарды кесіп өту үшін жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін дөңгелекті ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар;

5) ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін төлемнен босатылады.

Ақылы автожол учаскелерін қамтитын аудан тұрғындары үшін абонементтің құны – 1000 теңге. Ол жыл бойы жарамды. Оны тек елді мекендер трассаларын қамтитын тіркелген автомобиль иелері ғана ала алады. Егер де азамат ТАЖ кентін қамтитын мекенде тұратын болса, бірақ машина басқа жерде есепте тіркелген болса, ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі. Абонементтер ақы төлеу бекеттерінде рәсімделеді.

Айта кетейік, 2018 жылғы қыркүйектен бастап “Астана-Теміртау”, “Алматы – Қапшағай” автожол учаскелерінде ақы алу жүйесі сынама режимінде жұмыс істеді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz