Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі

Ұлттық қор қаражатын пайдалану Қазақстанда шектеледі. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.
«Ұлттық қордың қаражаты, сіз тапсырғаныңыздай, тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін ғана сұралатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттырып, бюджеттік тәртіпті күшейтетін боламыз», — деді премьер.
Бектенов өз баяндамасында субсидиялауға арналған шығыстар олардың нақты әсерін есепке алмай және мемлекеттік органдар тарапынан бақылау азайған кезінде барлық салаларда тұрақты өсетінін атап өтті.
коллаж: ulysmedia.kz