Қазақстанда ұлттық ақпарат алаңын бақылау автоматтандырылады

0
68

2018 жылғы 22 желтоқсан 16:29 116

Қазақстанда ұлттық ақпарат алаңын бақылау автоматтандырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2017 жылдан бері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Ұлттық ақпарат алаңын автоматты түрде мониторингтеу» жүйесін құру жобасы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл жүйе бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған заңсыз материалдарды тиянақтау үдерісін жеңілдетуге бағытталған. Яғни, терроризм, суицидті насихаттау, мемлекеттің тұтастығын бұзу және тағы басқа мазмұндағы материалдарды бақылап отыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Жүйені жасауға конкурс тек отандық компаниялар арасында өткізілuty. Аталмыш ақпараттық жүйені жасау туралы шарт «Квант» ғылыми-зерттеу зертханасы» ЖШС қазақстандық компаниясымен түзілді. Оның техникалық құжаттамасының ресейлік компаниялар серверлерінде таралу фактісі бойынша министрлікте қызметтік тексеру жүріп жатыр. Министрлік – БАҚ саласындағы заңдардың сақталуына жауапты уәкілетті мемлекеттік орган.

Бұдан бөлек, мониторингтің тиімділігін арттыруды қоғам, әсіресе, «Көк кит» және «Мені 04:20-да оят» қауіпті топтары кең таралған уақытта талап еткен болатын.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz