Қазақстанда тұңғыш ақылы ҰБТ өтіп жатыр

0
ҰБТ СДУ қысқы дайындық лагері
Фото: СДУ-дың PR және маркетинг департаменті

Қазақстанда тұңғыш ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева қаңтарда тестілеуден 35 838 бала өтеді.

Бүгін тарихи сәтке қатысып отырмыз. Сағат 07.30-дан бері барлық өңір қалалардағы, ауылдардағы, аудандар мен облыстардағы оқу орындарында балалар ҰБТ тапсыруды бастағанын баяндады. Балалар сынақты тағы үш рет қайта тапсыра алады. Маусым айында бізде балаларға грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ болады. Бұл – балалар үшін күйзелістен арылуға, психологиялық-эмоциялық жағдайының қалыпты болуына тамаша мүмкіндік, – деді вице-министр.

2019 жылдан бастап ақылы ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Қысқы ҰБТ 18-20 қаңтар аралығында 74 пункт базасында өтеді.

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін маусым айында болатын ҰБТ-ны тапсыру қажет. ҰБТ тапсыру форматы, тұтас алғанда, бұрынғыдай болады. Бұл норма жоғары білім алуды оңтайлы ету үшін енгізіліп отыр.

ҰБТ-ға қатысуға құжат қабылдау 2018 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында іске асырылды, соның ішінде бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы. ҰБТ тапсыруға барлығы 35 838 адам өтініш берді, соның ішінде 25 615-і сынақты қазақ тілінде, 10 162-сі орыс тілінде және 61 адам ағылшын тілінде тапсырады.

ҰБТ өткізу үшін өңірлерде 444 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды. Оның құрамында облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. ҰБТ-ға 520 аудитория қолданылады. Олардың бәрі байланысты өшіретін және бейнебақылау қондырғыларымен жабдықталған.

Еске салайық, бұған дейін биыл “Алтын белгі” алудан үміті бар 650-ге жуық оқушы Алматыдағы Сулейман Демирел университетінің базасындағы Winter CAMP-2019 оқу-жаттығу лагерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтан өткені хабарланған еді. Дайындықты Еducon білім беру орталығы ұйымдастырды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz