Қазақстанда туған азамат АҚШ-та «ИМ қатарында соғысты» деп айыпталды

0
38

Қазақстанда туған АҚШ азаматына «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы қатарында соғысты» және «қару-жарақ бойынша жаттықтырды» деген айып тағылды.

АҚШ бас прокуратурасы 19 шілдеде 42 жастағы Руслан Маратұлы Асаиновтың бес жыл бойы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы қатарында соғысқанын, оны «Сирия демократиялық күштері» жасақтары тұтқынға алып, Америкаға тапсырғанын хабарлады. Нью-Йорк федералдық сотында прокурор Асаиновтың 2013 жылы өзі тұрып келген Бруклиннен Түркияға кетіп, әрі қарай Сирияға жетіп, 2018 жылға дейін ИМ қатарына соғысқанын айтты.

Ақпарат бойынша, Асаинов Сирияда снайпер ретінде соғысқан, кейін қару-жарақ жаттықтырушысына айналған. Қазақстанда туған азаматқа сонымен бірге «ИМ-ге адамдарды тартты» деген айып тағылды.

Айыптау тарабы кейбір тұста Нью-Йорк полиыциясында жұмыс істеген Асаиновпен түрақты түрде байланыста болған ақпарат берушінің деректеріне сүйенген. Сотқа берілген прокуратура құжаттарында Руслан Асаиновтың ақпарат берушіні ИМ қатарына тартпақ болғаны, қару-жараққа ақша сұрағаны жазылған.

Azattyq