Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын қас қағым сәтте нокаутқа түсірді – видео
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан тумасы кезекті жекпе-жегін нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулдарын сақтап қалды
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанда дүниеге келген неміс боксшысы Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Берлиндегі Verti Music Hall залында рингке шыққан. Хаммердің қарсыласы грузин боксшысы Елена Сикмашвили (8-7, 4 КО) болды. Кристина екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Хаммер үшін бұл кездесу кәсіби карьерасындағы 24-ші жеңіспен аяқталды. Ол орташа салмақта WBC және WBO бойынша әлем чемпионы, бірақ бұл жекпе-жекте титул үшін таласпады. Маусым айында Кристина америкалық Тори Нельсонді (19-2-3, 3 КО) төрешілердің шешімімен ұтып, белбеулерін қорғаған еді.
Кристина Хаммер Қарағанды облысында дүниеге келген. Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды — қазір Дортмунд қаласында тұрады.
Қазақ боксшысы кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін жойқын нокаутпен жеңді — видео
sputniknews.kz