Қазақстанда туберкулез ауруынан өлім-жігім азайды – маман

0
38

Қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезді анықтау мен емдеудің заманауи экспресс әдістерін енгізудің арқасында туберкулезбен сырқаттану мен өлім-жітім көрсеткіштерінің тұрақты төмендеп келеді. Бұл туралы Қазақстандағы туберкулез ауруының қазіргі жағдайы туралы ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығында өткен баспасөз жиыны барысында айтты деп хабарлайды KzNews.kz тілшісі.

Мәселен, 2021 жылы туберкулезбен ауру 100 адамға шаққанда 35,9 болса, 2012 жылы 100 мың адамға шаққанда 81,7 құраған. Яғни, 2,3 есеге азайды. 2021 жылы туберкулезден өлім көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 4,4 есе азайды.

Туберкулезге қарсы қызметтің бүгінгі таңдағы басымдығы – аурудың алдын алу, оны дер кезінде анықтау және Қазақстан халқына мүлдем тегін және толықтай мемлекет қаржыландыратын амбулаторлық емдеу.

«Ұлттық фтизиопульмонология орталығында сезімтал туберкулез, дәріге төзімді туберкулез, балалардағы туберкулез, өкпеден тыс туберкулезді емдейтін бөлімшелер бар. Қосымша туберкулез ауруын басқа аурулардан ажырататын бөлімше, өкпелік туберкулезге хирургиялық емдеу әдістерін қолданып көмек көрсетеміз. Жаңа әдістер, инновациялық емдеу тәсілдері бірінші осында сынақтан өтіп, одан кейін барып басқа облыстарда қолдануға рұқсат беріледі. Орталықта 350 төсек орын бар. Республиканың түкпір-түкпірінен науқастар келіп ем алады», — деді орталықтың басшысы Шахмұрат Исмайылов.

Биыл Ұлттық фтизиопульмонология орталығынның құрылғанына 90 жыл толып отыр. Ғылыми орталықтың қазіргі таңдағы ең басты жұмысы – облыстарға әдістемелік-ұйымдастыру көмегін көрсету. Орталықтың мамандары туберкулез бойынша барлық нармативтік-құқықтық құжаттарды дайындайды, яғни, туберкулезді қалай анықтау керектігін ғана емес, оны емдеудің жолдарын да тек осы ғылыми зерттеу оралық арқылы ел көлемінде іске асырылады.

Коронавирус пандемиясынан кейін елде туберкулез ауруы көбейуі мүмкін дейді дәрігерлр. Олардың айтуынша, былтыр жеті мыңға жуық адам құрт ауруымен анықталған. Ғалымдардың пікірінше, емделуі тым ұзаққа созылатын бұл ауру бұрын 15 пен 40 жас аралығындағы адамдарда көп кездессе, соңғы уақытта ересектердің арасында да көп тіркеліп отыр. Алдағы жылдарға болжам жасаған мамандардың пікірінше, дерттің асқынуына дер кезінде скринингтердің жасалмауы себеп. Өйткені, жалпы халықтың денсаулығын қадағалаумен айналысатын емханалар пандемияға байланысты жабылып, коронавирусқа қарсы жұмыс істеді. Бұл өз кезегінде халықтың жаппай туберкулезге қарсы тексерістен дер кезінде өтуін әжептәуір шектеген.