Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды

0

Республикада төтенше жағдай режимін бұзғандарға 26 510 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін алпыстан астам адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Азаматтарымыздың басым көпшілігі төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарайды. Алайда естілік танытуға бәрі бірдей дайын емес. Негізінен заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша тіркелген. Мұның жазасы 10 АЕК (26 510 теңге – Sputnik) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу», – деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан, өңірлерде тойлар тыйылмай тұр, дәмханалар мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмысын тоқтатқан жоқ.

«Барлығы осындай 313 факті анықталды. 94 азамат жауапқа тартылды, олардың 64-і қамауға алынды», – деді министр.

Тағы оқыңыз: Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.

26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз