Қазақстанда төрт журналист COVID-19 жұқтырды  

0

Коронавирус жұқтырған журналистер шетелге шықпаған. Барлығы елде жүріп, вирусқа шалдыққаны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусын жұқтырған журналистер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біздің мәліметіміз бойынша вирус жұқтырғандардың арасында төрт журналист бар. Олар науқастармен байланыста болған, яғни тұрмыстық жағдайда ауырып қалды», – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусын жұқтырған журналистер шетелге шықпаған. Барлығы осында жүріп, вирусқа шалдыққан. Қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Олар материал жинап, репортаж түсіреді. Ал карантинге жабылған қалада жүру үшін арнайы рұқсат қағазы беріледі.

Тағы оқыңыз: «Ешқайда кетпейді»: бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 3 078 адамда вирус расталды. Ең көп науқас Алматы (926) мен астанада (612) тіркелді. 774 адам жазылып шықты. 25 адам індеттен көз жұмды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз