Қазақстанда төлем балансының профициті қалыптасып, ол 0,9 млрд АҚШ долларыды құрады
Жақсару оң сауда балансының айтарлықтай өсуі арқасында орын алды, ол 57,9%-ға ұлғайып, 27,4 млрд АҚШ долларын құраған.
Алдын ала бағалау бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 2014 жылдан бастап алғаш рет профицитпен қалыптасып, 0,9 млрд АҚШ доллары болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспсөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
«Жақсару оң сауда балансының айтарлықтай өсуі арқасында орын алды, ол 57,9%-ға ұлғайып, 27,4 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнайға әлемдік бағалардың жағымды конъюнктурасы нәтижесінде тауарлар экспорты 25,2%-ға өсіп, 61,9 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай және газ конденсаты экспорты (жалпы экспорттан 62,2%) 42,2%-ға ұлғайды».
Тауарлар импорты 34,5 млрд АҚШ долларына дейін 7,5%-ға өсті. Барынша көп ұлғаю (16,9%-ға) инвестициялық тауарларды әкелу (жалпы импорттан 37,3%) бойынша орын алды. Тұтынушылық және аралық тауарлар импортының өсуі тиісінше 4,7% және 4,1 % болды.
Төлем балансының жақсаруы 27,3%-ға 20,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайған тікелей шетелдік инвесторларға төлеуге арналған кірістерді тежеді.
Өзгермелі айырбастау бағамының режимі теңгеге сыртқы факторлардың өзгеруіне ден қоюға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2018 жылы нақты айырбастау бағамының аздап әлсіреуі (2,1% ж/ж) Қазақстанның тауар өндірушілерінің баға жағынан бәсекеге қабілеттілігін қолдады. Жалпы алғанда, оң ағымдағы шот теңгенің номиналдық бағамы нығаю жағына әлеуеті болатынын көздейді.
Қаржылық шот (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша 4,5 млрд АҚШ доллары оң сальдосымен қалыптасты, ол көбінесе резиденттердің сыртқы міндеттемелерінің төмендеуіне байланысты.
Шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі 9,8%-ға өсіп, 4,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бейрезиденттердің кірістерін қазақстандық кәсіпорындардың капиталына қайта инвестициялау оларды әкелудің негізгі көзіне айналды.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің өсуі, сондай-ақ Қазақстанның банктері мен кәсіпорындарының міндеттемелерін өтеуі портфельдік инвестициялар бойынша таза әкетілуге (5,8 млрд АҚШ доллары) алып келді. Сонымен қоса, ҚР Қаржы министрлігі еурооблигацияларының жаңа шығарылымы 2018 жылғы 4-тоқсанда резиденттер міндеттемелерінің төмендеуін ішінара өтеді.
Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30,9 млрд АҚШ доллары болып бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 8,1 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/