Қазақстанда той мен асқа рұқсат бергені рас па – министрлік жауап берді

0

«Той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) өткізу короновирус инфекциясының таралуына себеп болды деп тікелей байланыстыру мүмкін емес. Өйткені ауру таратушы кім болғанын, аурудың инкубациялық кезеңі барын ескере отырып, жалпы тойға барып, жаппай ауыру фактісі тіркелмегенін хабарлаймыз», – деп жауап берді министрліктен.

Қазіргі таңда халыққа той өткізуге рұқсат берілді ме? Бұл сұраққа жауап ретінде министрлік бұған дейін енгізілген тыйым күшінде қалғанын мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына сәйкес отбасылық, салтанатты, естелік шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған», – делінген жауапта.

Карантинді режим кезінде құқық бұзып, той немесе еске алу шарасын жасаған тұлғаларға Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылған. Айта кетсек бұған дейін той немесе еске алу шарасын өткізген мейрамхана иелері мен жеке адамдар қалай жазалатынын ескерткен еді.