Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 70,5% артты

0

2018 жылғы 19 қараша 10:24 20

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 70,5% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 696 842 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70,5% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3987,1 мыңды құраған. Есептік кезеңде 11 106 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,7 процентке аз. Сондай-ақ, жол апатынан 15 879 адам зардап шеккен. 

1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 15,5 млрд теңге сомасына 42 487 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.