Қазақстанда терроризмге қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстанда террорға қарсы қызметтің жаңа бастығы тағайындалды. Тиісті бұйрыққа президент қол қойды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – террорға қарсы қызмет бастығы болып тағайындалды», – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
16 қыркүйекке дейін бұл қызметті Руслан Сейсембаев атқарды.
Фото: informburo.kz