Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтады

0

Қазақстанда 16 қаңтарда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтады. Телерадио хабарларын тарататын «Қазтелерадио» компаниясының хабарлауынша, 16 қаңтар күні сағат 3.00 мен 17.00 аралығында теле және радио хабарларын тарату желісінде жоспарлы профилактикалық және құрал-жабдықтарды қосымша өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

«Қазтелерадио» операторының хабарлауынша, биыл сәуір, шілде және қазан айларында да телехабар мен радиохабарларын тарату желісінде профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: Азаттық