Home Жаңалықтар Қазақстанда тегін азық-түлік жиынтығы кімдерге беріледі – Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда тегін азық-түлік жиынтығы кімдерге беріледі – Қазақстан жаңалықтары

0
59

Ақпарат және қоғамдық даму министрі тегін азық-түлік жиынтығына кімдер ие болатындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

продукты

«Кеше ғана мен президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығы туралы ақпарат жария еткен болатынмын. Оны азаматтардың 4 санаты ала алатынын еске салғым келеді. Бірінші санат – атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары. 2, 3, 4-санат – карантиндік аймақта тұратын азаматтар. Нақты айтқанда, АӘК алатын отбасылардың барлық ересек мүшесі, оның ішінде көпбалалы отбасылар, барлық жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар», – деді Абаев.

Сондай-ақ министр бүгінгі күні мессенджерде 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабарлама таралып жатқандығыны жайлы пікір білдірді.

«Бұл – жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар табылады және заңға сәйкес жазаланады», – деді ол.

Бұған дейін министр коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалған қазақстандықтарға өтемақы қалай төленетіні жайлы айтқан болатын

stan.kz