Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

38 0 0

Бұған дейін елімізде 6 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді, Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінгі таңда тағы екі науқас тіркелді. Бірінші науқас — әйел. Біздің инфекциялық стационарда изоляцияда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталған болаты. Қосымша диагностиканың нәтижесі бойынша коронавирус табылды. Бұл отбасының барлық мүшелері инфекциялық ауруханада, басқа адамдардан оқшауланған», — деп мәлімдеді Біртанов брифингте.

Ал, екіншісі ер адам. Ол кеше Сеулден Алматыға ұшақпен ұшып келген.

Бұған дейін Қазақстанда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Олардың төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда, барлығы шетелден ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр, белгілі болғандай, ол қазақстандық дипломаттардың бірінің әкесі.

Қазір 1425 адам стационарлық карантинде жатыр, ал 496 адам үйде карантинге алынған.



sputniknews.kz