Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қысқа сілтеме алу
Қазақстандық жауынгер күнін 10 қыркүйекте мерекелеу жоспарланып отыр, қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған
НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі жаңа мереке – басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күнін бекітуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланған.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізімі келесі мазмұндағы 30-1 тармақпен толықтырылсын: Басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күні», — делінген құжатта.
Жаңа мерекені 10 қыркүйекте атап өту жоспарланып отыр.
Қаулы жобасы осы жылдың 14 қазанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Айта кетсек, Қазақстанда 7 мамырда Отан қорғаушы күні аталып өтеді.
sputniknews.kz