Қазақстанда тағы бір әскери қызметші қаза тапты
Қазақстанда кезекті мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«2024 жылғы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қаза тапты»,-деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі комитетінің баспасөз қызметі.
Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид.
Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов