Қазақстанда тағы бес адамда коронавирус расталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Маңғыстау облысында — 1, Атырау облысында — 3 және Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 764-ке жетті.

«Маңғыстау облысында — 1, Атырау облысында — 3 және Алматы қаласында тағы бір адамда коронавирус расталды», — деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Коронавирус: соңғы мәлімет

Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан  (223 адам) мен Алматы ( 121 адам) көш бастап келеді.

Қарағанды облысында — 57, Ақмола облысында — 56, Атырау облысы — 42, Жамбыл облысында — 45, Шымкент қаласында — 27, Шығыс Қазақстан облысында — 6, Алматы облысында — 10, Ақтөбе облысында — 11, Солтүстік Қазақстан облысында — 25, Павлодар облысында — 1, Маңғыстау облысында — 7, Қызылорда облысында — 92, Батыс Қазақстан облысында — 4, Түркістан облысында — 34, Қостанай облысында — 3.

Елу бес адам аурудан айықты. Жеті адам көз жұмды.



sputniknews.kz