Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

0
27

Республиканың үш өңірінде тоғыз адам індетке шалдықты, осылайша науқастардың жалпы саны 293-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында – 3 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 3 адам», – делінген хабарламада.

Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам тіркелді.



sputniknews.kz