Қазақстанда тағы 77 адамда COVID-19 расталды

0

Олардың басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындары — 57 адам. Сондай-ақ, Павлодар, Алматы, астана және Батыс Қазақстан облысында жаңа жағдайлар тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Алматы қаласында – 57 адам, Шымкент қаласында – 7, астанада — 3, Алматы облысында -6, Павлодар облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында бір адамнан коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 1 852 адамға жетті.

  • Алматы қаласы – 606
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 386
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 90
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • БҚО – 64
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 50
  • СҚО – 30
  • Павлодар облысы – 33
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • ШҚО – 8.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 447 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3,Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.



sputniknews.kz