Домой Жаңалықтар Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус анықталды

0
35

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырған 4 753 адамның 1518-і дерттен жазылды, 31 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанда тағы 63 адамда коронавирус инфекциясы расталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

«Қарағанды облысында — 6, Алматы қаласында — 1, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Жамбыл облысында — 1, Нұр-Сұлтан қаласында — 45, Атырау облысында — 7», — делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша қазіргі уақытта барлығы 4753 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 950
  • Алматы қаласы – 1502
  • Шымкент қаласы – 226
  • Ақмола облысы – 106
  • Ақтөбе облысы – 172
  • Алматы облысы – 177
  • Атырау облысы – 263
  • Шығыс Қазақстан облысы – 32
  • Жамбыл облысы – 172
  • Батыс Қазақстан облысы – 217
  • Қарағанды облысы – 186
  • Қостанай облысы – 61
  • Қызылорда облысы – 225
  • Маңғыстау облысы – 109
  • Павлодар облысы – 152
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 34
  • Түркістан облысы – 169.

Олардың 1518-і дерттен жазылды, 31 адам көз жұмды.



sputniknews.kz