Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырған 4 753 адамның 1518-і дерттен жазылды, 31 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанда тағы 63 адамда коронавирус инфекциясы расталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
«Қарағанды облысында — 6, Алматы қаласында — 1, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Жамбыл облысында — 1, Нұр-Сұлтан қаласында — 45, Атырау облысында — 7», — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша қазіргі уақытта барлығы 4753 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 950
- Алматы қаласы – 1502
- Шымкент қаласы – 226
- Ақмола облысы – 106
- Ақтөбе облысы – 172
- Алматы облысы – 177
- Атырау облысы – 263
- Шығыс Қазақстан облысы – 32
- Жамбыл облысы – 172
- Батыс Қазақстан облысы – 217
- Қарағанды облысы – 186
- Қостанай облысы – 61
- Қызылорда облысы – 225
- Маңғыстау облысы – 109
- Павлодар облысы – 152
- Солтүстік Қазақстан облысы – 34
- Түркістан облысы – 169.
Олардың 1518-і дерттен жазылды, 31 адам көз жұмды.
sputniknews.kz