Қазақстанда тағы 56 адамнан коронавирус табылды
Бүгін таңертең тағы елу алты адам тіркелді, елде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Республикада індетке шалдыққандар саны 56 адамға көбейді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«23 сəуір сағат 09:50-дегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 56 адам тіркелді», — делінген хабарламада.
Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 10, Жамбыл облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 7, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Ақтөбе облысында – 7, Павлодар облысында – 5 адам.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетті. 515 адам жазылып шықты, он тоғызы қайтыс болды.
- Алматы – 735,
- Нұр-Сұлтан – 421,
- Қызылорда облысы – 157,
- Шымкент – 131,
- Қарағанды облысы – 102,
- Батыс Қазақстан облысы – 86,
- Ақмола облысы – 83,
- Атырау облысы – 82,
- Жамбыл облысы – 79,
- Түркістан облысы – 76,
- Алматы облысы – 62,
- Павлодар облысы – 43,
- Қостанай облысы – 36,
- Ақтөбе облысы – 34,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Маңғыстау облысы – 19,
- Шығыс Қазақстан облысы – 15.
sputniknews.kz