Қазақстанда тағы 41 адам коронавирус жұқтырды  

0

Кеше Қазақстанда 150 адам коронавирус індетін жұқтырғаны хабарланған болатын, бүгін олардың саны 191 адамға жетіп отыр  

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.   

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Ақмола облысында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Атырау облысында 1 адам індетке шалдыққан.

Осылайша, елімізде науқастардың саны 191 адамға жетті, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 107,
  • Алматы қаласында – 57,
  • Қарағанды қаласында – 4,
  • Шымкент қаласында – 2,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Алматы облысында – 2,
  • Ақтөбе облысында – 1,
  • Атырау облысында – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1.

Еске сала кетейік, бұған дейін үш адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз