Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус жұқтырды

0

28 наурыз кешкі 20:25-тегі жағдай бойынша Қарағанды облысында үш, Атырау облысында бір адам тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы төрт адам індетке шалдықты, науқастар саны 208-ге жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«28 наурыз сағат 20:25-тегі жағдай коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам, Қарағанды облысында — 3, Атырау облысында 1 адам тіркелді», — делінген хабарламада.

Осылайша қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны республика бойынша 208 адамды құрап отыр.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туып отыр – министр

Он бес адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтанда — 117 адам
  • Алматы қаласында – 58 адам
  • Қарағанды облысында – 7 адам
  • Ақмола облысында — 5 адам
  • Атырау облысында — 5 адам
  • Жамбыл облысында -3 адам
  • Шымкентте — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Алматы облысында — 4 адам
  • Ақтөбе облысында — 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам
  • Қызылорда облысында — 1 адам.



sputniknews.kz