Қазақстанда тағы 32 адам коронавирус жұқтырды

0
14

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 759 адамға жетті. 53 адам аурудан айықты, жеті адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Елімізде тағы 32 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстанға дәрігерлерін жіберіп жатыр 

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 32 адам тіркелді: Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 13, Қызылорда облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 2, Атырау облысында – 3, Қарағанды облысында – 2 адам.

Елімізде барлығы 759 адам коронавирус жұқтырған:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 223,
  • Алматы қаласы – 120,
  • Шымкент қаласы – 27,
  • Ақмола облысы – 56,
  • Ақтөбе облысы – 11,
  • Алматы облысы – 10,
  • Атырау облысы – 39,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6,
  • Жамбыл облысы – 45,
  • Батыс Қазақстан облысы – 4,
  • Қарағанды облысы – 57,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Қызылорда облысы – 92,
  • Маңғыстау облысы – 6,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 34.

53 адам аурудан айықты, жеті адам қайтыс болды.



sputniknews.kz