Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды

0

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті. 11 адам – Алматыда, 2 адам – Нұр-Сұлтан қаласында

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«2020 жылдың 17 наурызы таңғы 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді», — делінген ақпаратта.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті. 11 адам – Алматыда, 2 адам – Нұр-Сұлтан қаласында.

Коронавирус эпидемиясы

Қазақстанда 13 наурызда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – он үш адам, екеуі – Нұр-Сұлтанда, он бір адам – Алматы қаласында. Арасында 12 жастағы бала бар.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты 

Мемлекет басшысының жарлығымен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Президенттің айтуынша, Қазақстанның халықаралық резерві 90 миллиард долларға жетті. Ал бұл қаражат экономикалық тұрақтылықтың негізі бола алады. Сол қаржы есебінен мемлекет өзінің әлеуметтік міндетерін атқара алады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қажет болған жағдайда, төтенше жағдай режимінің ұзартылуы мүмкін екенін айтты.



sputniknews.kz