Қазақстанда тағы 25 адамнан коронавирус табылды

0

Республикада тағы жиырма бес адам қауіпті вирусты жұқтырды, осылайша науқастар саны 629 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма бес адам індетке шалдықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«6 сәуір 17:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi, Жамбыл облысында — 6 адам, Ақмола облысында — 19 адам», — делінген хабарламада.

Республикада науқастардың жалпы саны 629 адамға жетті. 45 адам дерттен айығып шықты, алты адам қайтыс болды. 

  • Нұр-Сұлтан қаласы –  219 адам
  • Алматы қаласында – 116
  • Қарағанды облысында – 48
  • Ақмола облысында — 42
  • Атырау облысы — 24
  • Жамбыл облысында – 35
  • Шымкент қаласында — 14
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6
  • Алматы облысында — 10
  • Ақтөбе облысында — 11
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 25
  • Павлодар облысында — 1
  • Маңғыстау облысында — 5
  • Қызылорда облысында — 37
  • Батыс Қазақстан облысында — 2
  • Түркістан облысында — 28
  • Қостанай облысында — 1 адам.



sputniknews.kz