Қазақстанда тағы 25 адамнан коронавирус табылды
Республикада тағы жиырма бес адам қауіпті вирусты жұқтырды, осылайша науқастар саны 629 адамға жетіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма бес адам індетке шалдықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
«6 сәуір 17:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi, Жамбыл облысында — 6 адам, Ақмола облысында — 19 адам», — делінген хабарламада.
Республикада науқастардың жалпы саны 629 адамға жетті. 45 адам дерттен айығып шықты, алты адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 219 адам
- Алматы қаласында – 116
- Қарағанды облысында – 48
- Ақмола облысында — 42
- Атырау облысы — 24
- Жамбыл облысында – 35
- Шымкент қаласында — 14
- Шығыс Қазақстан облысында – 6
- Алматы облысында — 10
- Ақтөбе облысында — 11
- Солтүстік Қазақстан облысында — 25
- Павлодар облысында — 1
- Маңғыстау облысында — 5
- Қызылорда облысында — 37
- Батыс Қазақстан облысында — 2
- Түркістан облысында — 28
- Қостанай облысында — 1 адам.
sputniknews.kz