Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 428 адам коронавирустан жазылды, 19 адам індеттен қайтыс болды

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Алматы қаласында – 14 адам, Шымкент қаласында – 3,Қостанай облысында бір адамнан коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 1 775 адамға жетті.

  • Алматы қаласы – 549
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 383
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 83
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • БҚО – 63
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 44
  • СҚО – 30
  • Павлодар облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • ШҚО – 8.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 428 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3,Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанайоблысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.



sputniknews.kz