Қазақстанда тағы 17 адам коронавирус жұқтырды 45/90

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

31 наурыз сағат 09:40-тағы жағдай бойынша қауіпті вирусты тағы он жеті адам жұқтырды, науқастардың жалпы саны 325-ке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы он жеті адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«31 наурыз сағат 09:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында — 2, Алматы қаласында — 9,  Қызылорда облысында — 3, Атырау облысында — 1, Ақтөбе облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам тіркелген.

Осылайша республика бойынша індетке шалдыққандар саны 325-ке жетті. 21 адам жазылып шықты, 1 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласында – 175

Алматы қаласында – 82

Шымкент қаласында – 2

Ақмола облысы – 10

Ақтөбе облысында – 3

Алматы облысында – 8

Атырау облысында – 13

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысында – 3

Батыс Қазақстан облысында – 2

Қарағанды облысы – 13

Қызылорда облысы – 8

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 2.



sputniknews.kz