Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге көбейеді — Тоқаев

0

Стипендия көлемінің өсуі магистранттар мен докторанттарға да әсер етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев студент жастарды қолдау жөніндегі алдағы шаралар туралы хабарлады.

«Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға — 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді», — деді ол «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті Мемлекет басшысы.