Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру өсімі 2,8%-ке жетті

0

154 қазақстандық ауруханаға жатқызылды, 185 адам ауруханадан шықты. Алматы және Атырау облысында жұқтыру фактісі көп тіркелді

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik.13 мамырда Қазақстанда 154 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, соған сәйкес өсу қарқыны 2,8%-ті көрсетті, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирус инфекциясынжұқтырған тағы 154 адам тіркелді (өсу қарқыны – 2,8%), оның ішінде: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 30 (2,7%), Алматы қаласы – 50 (3,1%), Шымкент қаласы – 5 (2%), Ақтөбе облысында – 8 (4,5%), Алматы облысында  – 7 (3,8%), Атырау облысында – 25 (5,8%), Шығыс Қазақстан облысында – 3 (5,8%), Жамбыл облысында – 1 (0,5%), Батыс Қазақстан облысында – 6 (2,3%), Қарағанды облысында – 4 (2%), Маңғыстау облысында – 8 (6,2%), Павлодар облысында – 1 (0,6%), Түркістан облысында – 6 (3,2%).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 571 адам анықталды. 

Алматы қаласы – 1678, Нұр-Сұлтан қаласы – 1148, Атырау облысы – 457, БҚО – 272, Шымкент қаласы – 250, Қызылорда облысы – 231, Қарағанды облысы – 204, Жамбыл облысы – 199, Түркістан облысы – 196, Алматы облысы – 190, Ақтөбе облысы – 184, Павлодар облысы – 155, Маңғыстау облысы – 138, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 68, ШҚО – 55, СҚО – 36.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 2 408 адам аурудан жазылды, 32 адам қайтыс болды.

Дүниежүзі бойынша 4 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды, оның ішінде 1 661 605 науқас жазылып шықты, 298 мыңнан астам адам қайтыс болды.



sputniknews.kz