Қазақстанда шен-шекпенділерге жаңа салық түрі енгізіледі

0

Президент жаңа салық енгізетінін жариялады. Ол «сән – салтанат салығын» деп аталады. Бұл ауқатты қазақстандықтарды қазынаға көбірек ақша төлеуге мәжбүрлеудің екінші әрекеті, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында салықты жоғары мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен қолдануды кеңейту қажеттігін атап өтті. Осындай шаралардың бірі орта тапқа әсер етпейтін «сән-салтанат салығы» болады.

Қазір осы салық төңірегінде түрлі қауесеттер тарап жүр.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жылжымайтын мүлік, көлік және жоғары немесе инвестициялық құны бар басқа да сәнді нысандардың иесі қосымша салық иелеріне жатады. Мысал ретінде шенеунік яхталарды, спорткарларды, шетелдік виллаларды және жеке ұшақтарды келтірді.

«Мәселе салық кодексінің аясында жұртшылықпен және сарапшылармен талқыланатын болады. Шартты түрде, жоғары салық салынатын автомобильдің құны 100-150 мың доллардан басталады, қандай да бір градация болады. Бұл салық мөлшері жоғарыда бағаланатын жылжымайтын мүлікке де қатысты», — деді министр.

Қуантыров елде қымбат көліктерге, яхталарға және ұшақтарға ие адамдар көп емес екенін айтты.

Фото: tengrinews.kz