Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылады – президент жолдауы

0
27

Экономика

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан бастап күшіне енуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті салықтан босатуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.

Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енуі тиіс.

«Келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешімім де күшіне енеді», – деп толықтырды мемлекет басшысы.



sputniknews.kz