Қазақстанда сегіз колледж лицензиясынан айырылды

0

ҚР Білім және ғылым министрлігі сегіз колледжден лицензияларын қайтарып алды, олардың білім беру қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарының білім беру қызметін бақылау шеңберінде тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Сонымен қатар, олардың кейбірінде талапкерлерді іріктеу болған жоқ. 

Осылайша, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжі түлектерін шығарды, содан кейін өз еріктерімен лицензияларын қайтарып берді», — делінген жұмада таратылған хабарламада.

Көрсетілгендей, барлық жабық колледждер студенттердің басқа оқу орындарына ауысуын уақытында қамтамасыз етті және оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті.