Қазақстанда санитарлық бекеттер қайтадан қойылып жатыр

0
2976

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ел өңірлерінде санитарлық бекеттер қайта қойылады, бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірген Ақтөбе облысының Ойыл ауданында санитарлық бекеттер қойылып үлгерген.

«Аудан орталығына кіретін немесе одан шығатындардың барлығының температурасы өлшенеді және барлық деректер сақталады. COVID-19 белгілері бар адамдар карантиндік ауруханада ПТР анализі үшін екі күн оқшауланады. Егер нәтиже оң болса, олар жіберіледі. Ойын-сауық мекемелеріне рұқсат етілмейді. Банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Қазпочта» кеңселері халыққа кешкі алтыға дейін қызмет көрсете алады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ауруын жұқтырғандар саны күрт өскенін айтты. Мамандар Қазақстанда «Британдық» және «оңтүстік африкалық» covid-19 мутациясының бар екенін растады.