Қазақстанда салафизмге тыйым салу мүмкін емес: ҰҚК жағдайды түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Қазақстанда салафизмге тыйым салу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

салафизм

«Салафизмге тыйым салу мәселесіне келер болсақ, біз бұған дейін оны жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ», — деді Білісбеков.

Білісбеков айтылған мәселені түсіндіріп берді.

«Салафизм террористік ұйым емес, бұл – ой-идеология. Мәселен, «Хизбут-Тахрир» немесе «Таблии Жамағат» – бұл ұйымдар, олардың орталығы мен құрылымдары бар. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі. Ал салафизм – бұл дінге деген көзқарас, діни ағым», — деп қосты Білісбеков.

Сөзінше, қазіргі күні діни қақтығыс аймақтарында жүрген қазақстандық азаматтардың арасында салафизмді де дәстірлі дін ағымын  да ұстанатындар бар көрінеді. 

«Осы уақытқа дейін қақтығыс аймақтарынан қайтарылған 41 Қазақстан азаматы қылмыстық жазаға тартылды. Ешкім азаматтықтан айырылған жоқ», — дейді Білісбеков.

 

stan.kz