Қазақстанда саяси партияларды құру жеңілдетілмек — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР әділет министрі Марат Бекетаев елімізде саяси партияларды құру жеңілдетілетіні жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік қызметкерлер

«Саяси партиялар туралы» заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету ұсынылады. Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді», — деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ министр Парламентте жастар мен әйелдердің үлесін арттыру қарастырылып жатқандығын жеткізді. 

«Ұсынылып отырған заң жобалар әр түрлі алаңдарда мақсатты топтармен қаралды. Атап айтқанда, заң жобалар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жекелеген мүшелерімен, жастармен және саяси партиялардың өкілдерімен кеңінен талқыланды. Жалпы, осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпалын тигізетін болады», — деді министр.

 

stan.kz