Қазақстанда радиолар мен телеарналар хабар таратуды тоқтатады  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/682/46/6824642.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20200110/12513055/radio-telearna-khabar.html

Профилактикалық жұмыстар 14 сағатқа созылады, үзіліс телерадио хабарларын сапалы тарату ету үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. 15 қаңтарда Қазақстанда Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады. Бұл туралы ақпарат «Қазтелерадио» АҚ сайтында жарияланды.

Жолдасбеков: телеарналар жыларман, қайғылы түрік фильмдерімен жалықтырды

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«2020 жылдың 15 қаңтарында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз