Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша екпе жасалуы мүмкін

0

«Қазіргі таңда бізде 1 876 расталған қызылша жағдайы тіркелген, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар  саны — 1 426,  яғни 76% құрайды. Аурушаңдық негізінен екпе егілмеген балалар арасында тіркеледі, бұл барлық жағдайдың 64%-ын  құрайды. Оған әр түрлі себептер бар: егу жасына жетпеу, медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы, вакцинациядан бас тарту», — дейді Алексей Цой.

Қазір 105 науқас ем алуда, Қазақстан бойынша 1 771 науқас қажетті емді аяқтады.

«Қазіргі уақытта бізде қызылшамен шектік деңгейге жеткен жоқ, бірақ барлық алдын алу шараларын жүзеге асырудамыз. Өткен жылмен салыстырғанда өсім жоғары»,- дейді Алексей Цой.

Ол сондай-ақ халықтың қандай тобын қосымша иммунитеттермен қамту жоспарланғанын атап өтті.

«Яғни біз бұрын қамтылмаған топтарды қамтығымыз келеді. 90-шы жылдары бізде жеткізумен де, вакцинациялаумен де, сол кезде осы вакциналарға қосымша егілу халық үшін де сәтсіз болды. Қазіргі таңда біздің балалар ДДҰ ұсынысы бойынша вакцинацияланады. 2015 жылдан бері балаларды 9 айынан бастап вакцинациялауды практикамызға енгіздік, яғни 9 айға дейін вакцинация тиімсіз, себебі иммунитет баланың анасынан алынуы тиіс. Тиісінше, біз қазір жоғары жас топтарына вакцинация жасауды жоспарлап отырмыз, әсіресе бала туатын жастағы әйелдер мен 40 жасқа дейінгі ер азаматтар. Яғни, өздерінің иммунитеттерін көтеру арқылы өз балаларына да жеткізу және өздерін қорғау» , — деп түсіндірді Алексей Цой.

Ұлмекен АДАЙХАН

Дереккөз: http://egemen.kz/