Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады

0

Неге Қазақстан?

Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын мемлекет болғандықтан, Қазақстанның таулары мен жазықтары саяхатшының әр түрлі сұранысын қанағаттандыра алады. Жоспарлы түрде салынған астанасынан бастап ауылды жерлері әлі күнге дейін көмірмен жылытылады. Мұнда саяхатшылар көптеген күтпеген оқиғаға тап болады.

Бірақ Қазақстанға келудің ең жақсы себептерінің бірі — қазақтың керемет қонақжайлығы. Шын мәнінде, қазақ халқы өз қонақтарының көңілінен шығу үшін барын салады. Шәйнектегі шай таусылмайынша қонақтарға ұсыныла береді. Тіпті қойдың миын да дастарханнан кездестіруге болады (бұл туралы кейінірек). Қазақ халқы өте шырайлы және шынайы, қонақжайлықты кез келген жерден көруге болады.

Қазақстанда немен айналысуға болады?

Қайыңды көлінің ағаштары қайран қалдырады

Көгілдір су және таулы жер Қайыңды көліне баруды ақтау үшін жеткілікті болар еді, бірақ оның су басқан ағаштарын көру — ең әсерлісі. 1911 жылы болған жер сілкінісі табиғи бөгеттерді құлатып және қардың еруі осындай әдемі көлдің пайда болуына әкелді. Суық су сондағы ағаштарды ғасырдан астам уақыт бойы сақтауға көмектесті.

Алтын адам

1969 жылы Есік қорғанынан 2000 жылдан астам тарихы бар алтынмен әшекейленген мумия табылды. Бұл «адам» (жынысы нақты белгісіз) құнды мұра болып саналады, бірақ КСРО мұны елеусіз қалдырды. Содан бері ол қазақ тарихының, мақтаныш пен тәуелсіздіктің символына айналды.

Қожа Ахмет Ясауи

Оның өлімінен кейін 200 жылдан соң, яғни 14-ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бұл ғимарат – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, суфизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің құрметіне салынған.

Алматы қаласы

Қазақстанның ең космополитикалық қаласы — Нью-Йорктің нұсқасы. Үлкен алма сияқты Алматының ең көп халқы бар және олар өте әртүрлі. Мұнда мейрамханалар мен түнгі клубтардың үздіктерін көресіз. Қаланың бастапқы атауы, тіпті, алмамен тікелей байланысты.

Қазақстанда не жеуге болады?

Әдемі, табиғи көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерден басқа, қазақ асханасы әртүрлі тағамдарға бай. Мұнда сіз мейрамхана мәзірінен ет тағамын да таба аласыз. Бұл — Қазақстанның ұлттық тағамы болып саналады, пісірілген ет пен кеспе әдетте жылқы етінен дайындалады. Қазақстанда жылқы еті мен жылқы сүтін пайдалану сиыр еті мен сүтін пайдалану сияқты кең тараған.

Ал үйлену тойы мен туған күн сияқты салтанатты іс-шараларда құрметті қонақтарға көбіне пісірілген, қайнатылған қой басының түрлі бөліктерін, оның ішінде ми, көз және тіл ұсынады.

Борат туралы не айтуға болады?

Мен бұл кейіпкер туралы айтқым келмеді, бірақ ол туралы менен көп адам сұрады. Қазақстан туралы оқыған кезде адамдардың көбісі Борат туралы ойлаған деп сеніммен айта аламын. Өздеріңіз білетіндей, Борат — толық ойдан шығарылған кейіпкер. Тіпті «Борат» фильміндегі қазақстандық көріністер румын ауылында түсірілген.

Қашан баруға болады?

Жаз мезгілі әдетте Қазақстанға бару үшін ең қолайлы уақыт. Сіз таза ауада рахаттанып демала аласыз. Алайда елдің кейбір аймақтарында бұл уақытта температура өте жоғарғы деңгейге дейін көтеріледі. Ал қыста ең суық күндер минус 40 градустан төмен түсуі мүмкін. Шымбұлақ тау шаңғысы курортын айтпай өтуге болмайды. Курорт Алматыдан оңтүстікке қарай 20 минуттық жерде орналасқан, және бұған апарар аспалы жол билеттері $10-нан $ 22-ге дейін өзгереді. Медеу мұз айдыны да туристер үшін таптырмас демалыс орны.

Онда қалай жетуге болады?

АҚШ-тан Алматыға ұшатын рейстер шамамен екі жаққа 700 доллардан басталады және ұшақты ауыстыруға тура келеді («Аэрофлот» Мәскеу арқылы; «Украин» Киев арқылы; «Түрік» Стамбул арқылы; «Lufthansa» Франкфурт арқылы). Сонымен қатар, бұл елге келгендерге 30 күндік виза қажет болады, бірақ АҚШ азаматтары үшін тегін көрінеді.

 

Дереккөз: http://egemen.kz/