Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындардың дені – ерлер

0
58

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Обырға алғаш шалдыққандардың 60 процентке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде қатерлі ісік диагнозымен 181 000 пациент диспансерлік бақылауда тұр.

Былтыр 35 753 адам алғаш рет есепке алынған, оның 44,3%-і – ерлер және 55,7%-і – әйелдер.

«Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ті құрайды. Қатерлі ісікке алғаш шалдыққандардың 60%-ке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті жастағы адамдар», – деді Біртанов мәжілістегі үкімет сағатында.

Қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің кең таралған түрлері мыналар: сүт безі обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%). Одан кейінгі орында –  жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек (4,7%) обыры.

«Өлімнің негізгі себептері – өкпе (16,5%),  асқазан (11,5%) және сүт безі қатерлі ісігі», – деді министр.



sputniknews.kz