Қазақстанда қанша қытай бар — министр жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Нұрымбетов шетелдік жұмысшылар арасында қытайлықтардың үлесі көбірек екенін мойындап отыр, бірақ, айтуынша, олардың саны жылдан-жылға азайып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазір Қазақстанда 21 300 шетелдік жұмысшы еңбек етеді, соның 4300-і – қытайлықтар. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінде 21 300 шетелдік маман жұмыс істеп жүрсе, соның 4300-і – қытайлықтар. Иә, үлесі басқаларға қарағанда көбірек. Бірақ, егер соңғы төрт жылмен салыстырсақ, 2016 жылы 12-13 мыңдай қытайлық еңбек етті, одан кейін 9 мың, 6 мың болды. Қазір – 4300. Сондықтан ресми рұқсаттама бойынша істеп жатқан қытайлық жұмысшылар саны азайып келеді», — деді Нұрымбетов үкімет кулуарында.

Айтуынша, шетелдік жұмысшылар ең көп құрылыс және тау-кен өндіру саласына тартылған.

Министрлік бас прокуратураның бастамасымен шетелдік жұмысшылар тартылған ірі кәсіпорындарды тексеріп шыққан.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қытайлық компания басшысын Ақордаға шақырды

«Бірінші кезеңде 50-ден аса шетелдік жұмыс күшін тартатын 63 ірі компанияны тексердік. Нәтижесінде, еңбек заңнамасын бұзудың 700-ге жуық фактісі анықталды. Өкінішке қарай, 24 компанияда шетелдік және отандық мамандардың жалақысы мен тұрмыстық жағдайында айырмашылық айқындалды. Осындай 400 факті тіркелді», — деді ведомство басшысы.

Екінші кезеңде отыздан аса шетелдік жұмысшы істейтін 34 мекеме тексеріліп жатыр. Нұрымбетовтің сөзінше, 14 компанияның тексерісі аяқталды. Төрт кәсіпорында қазақстандық мамандар шетелдіктерден аз жалақы алған.

Тағы оқыңыз: Қытай азаматтары Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті: кім жауапқа тартылады?

Министр тексеріс жалғасып жатқанын айтты.



sputniknews.kz